Мереке күндері Астанада жолда жүру ережесін 2262 рет бұзу оқиғасы тіркелді - жол полициясы

АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - 6, 7 және 8 наурыз күндері Астана қаласының жол полицейлері Жолда жүру ережесін 2262 рет бұзу фактілерін анықтады.

Мереке күндері Астанада жолда жүру ережесін 2262 рет бұзу оқиғасы тіркелді - жол полициясы

Бұл туралы ІІД Жол полициясы басқармасынан хабарлады.

Ұсталған 2262 ереже бұзушының 79-ы автокөлікке мас күйінде отырған, 21 - қарсы жолға шығып кеткен, 63 - көлікті құжаттарсыз басқарған, 106 - рөлде отырып ұялы телефон қолданған. Тағы 17-сі - көліктің техникалық жағдайының нашар болғаны үшін тоқтатылса, 160 жүргізуші жылдамдықты белгіленген межеден асырып жіберген. Олардың барлығына әкімшілік хаттамалар толтырылды. 77 машина айып тұрағына қойылды.

ЖПБ-дан анықтағандай, мереке күндері адам шығынына алып келген жол-көлік оқиғалары болған жоқ.