Мереке күндері Астанадағы «Бәйтерек» монументі ерекше жарықтандырылатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған басты көрікті орындардың бірі «Бәйтерек» монументі бүгінде жаңа келбетке ие болды.
None
None

Лондондағы әйгілі Sharb зәулім ғимаратындағы жарық диодтар саны 11 мың ғана болса, мұндағы түрлі-түсті жарық диодтар саны 12 мыңнан асады. Монументтің ерекше жарықтандырылуын мереке күндері тамашалауға болады. «Бәйтерек» монументінің түп биігіне шығып, 97 метр биіктіктен қаланың түнгі көрінісін тамашалай аласыз. Еліміздегі басты монументтің биіктігі ел ордасын Алматыдан Астанаға ауыстыру жылына байланысты таңдалған. Монумент ежелгі аңыз желісі бойынша тұрғызылды. «Бәйтерек» орналасқан жері мен композициялық құрылысында көшпелілердің ерекше ғарыштық түсініктері көрініс тапқан. «Бәйтерек» сөзі «өмір ағашы» деген мағынаны білдіреді. Ғимарат үш бөліктен тұрады. Нысанның жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюынан өзекті ой өрсе, екінші-үшінші бөліктері кейінгі өркендеу кезеңдерінен көріністер береді. Монументтегі экскурсияларды жүргізуші Сәуле Сүйіндікованың айтуынша, мұнда екі композиция орналасқан, оның бірі «Аялы алақан» - Елбасы алақанының ізі. Адамдар оған қолдарын қойып, ниеттерін білдіреді. Сонда арман-тілегің орындалады деген наным бар. Ал «Жерасты әлемі» композициясы ұлттық мәдениеттің, көшпелілердің рухани әлемінен және тарихи өткенінен сыр шертеді, мұнда Ерболат Төлепбайдың картиналары ілінген. «Келушілердің 70-80 пайызы Қазақстан тұрғындары, шетелдіктер де келеді, ТМД елдерінен келетін туристер де көп», - дейді С.Сүйіндікова. «Бәйтерек» монументі күн сайын сағат 10:00-21.00 аралығында жұмыс істейді. Ересектер үшін билет құны - 500 теңге, 15 жасқа дейінгі балалар үшін 150 теңге, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Соңғы жаңалықтар