Мереке күндері ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 7-9 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Ауқымды антициклонға байланысты 7-9 мамыр күндері басым бөлігінде аздаған бұлтты және құрғақ ауа райы сақталады. Келесі күндері ауа райын республиканың батыс және оңтүстік өңірлеріне шығатын оңтүстік циклонның жылы секторы қалыптастырады. Осыған орай аспанда бұлттар таралып, жаңбыр, кей жерлерде найзағаймен және екпінді желмен қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Температуралық фон республиканың барлық аумағында жоғарылайды.


Соңғы жаңалықтар