Мереке күндері Қазақстанда бұлыңғыр ауа райы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мереке күндері, яғни 21-23 наурыз аралығында Қазақстан аумағында оңтүстіктен ескен жылы ауа мен солтүстіктен соққан суық ауаның әсерінен көптеген облыстарда атмосфералық жағдай күрделеніп, бұлыңғыр ауа райының сақталуына әкеп соғады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлайды.
None
None

«Тек шығыс аумақтар жауын-шашынсыз болады. Солтүстік аймақтарда қарлы жаңбыр күтілуде, көктайғақ, желдің күшеюі 17-22 м/с-қа дейін болуы болжануда. Оңтүстікте жаңбыр жауады, ал 21 наурыз күні таулы аймақтарда нөсерлетеді. Жауын-шашын мен жылудың күрт жоғарылауына байланысты қар көшкінінің қаупі бар. Сонымен қатар ауа райының нормалық деңгейден 5-10º жоғары болуы күтіледі», - делінген «Қазгидромет» таратқан мәлімдемеде.

Ал мереке күндері елордадағы ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын жаумайды. Оңтүстік-батыстан 9-14 м\с жел соғып, ол түнде 15-20 м\с-қа дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы 8-10 градусқа дейін төмендеп, күндіз 0 градус маңайында болады.

Соңғы жаңалықтар