Мереке күндері Медеу мұз айдыны тегін қызмет көрсетеді
АЛМАТЫ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Медеу мұз айдыны мереке күндері алматылықтар мен қала қонақтарына тегін қызмет көрсетеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мұз айдыны әкімшілігінің хабарлауынша, шара 7-9 мамыр күндері аралығында 8.00-ден 11.00-ге дейін өткізіледі. Мұз айдынына келушілер өздерімен бірге коньки ала келуі керек.