11:15, 20 Наурыз 2014 | GMT +5
Мереке күндері пойыздарға қосымша вагондар тіркелетін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мерекенің алдында және мереке күндері 19-25 наурызы аралығында жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады.
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады. Барлығы Қазақстанның барлық өңірлеріне қатынайтын пойыздарға 116 қосымша вагон тіркелмек. Вагондарды тіркеу кестесін жасау кезінде жолаушылардың барлық сұраныстары ескерілді.