Мереке күндері Шымкент құтқарушыларына қандай шақыртулар түсті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Мерекелік демалыс күндері Шымкент құтқарушыларына 15 шақырту түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімдері мен жедел-құтқару жасағының құтқарушылары демалыс және мереке күндері 15 шақыртуға барды. Олардың арасында 10 өрт сөндіру жағдайы орын алды. Ал «112» құтқару қызметіне 5 хабарлама түсті.

«Шығыс» шағынауданындағы көпқабатты үйдің пәтерінде 20 жастағы бойжеткен сақинасын шеше алмай жатқаны туралы хабарланған. Оқиға орнына барған құтқарушылар қыздың саусағындағы сақинаны арнайы құралдың көмегімен шешіп берген.

Сондай-ақ Циалковского көшесі бойында орналасқан үйдің есігін аша алмай қалған тұрғындарға да көмек берілген. Үйдің ішіндегі 2 кішкентай бала да аман-есен, анасымен қауышты.

Бұдан бөлек, төтенше жағдай қызметкерлері «Шымсити» шағынауданындағы көпқабатты үйдің пәтерінде құлыптанып қалған кішкентай баланы құтқарды.

Арнайы мамандар балаларға абай болып, оларды жалғыз қалдырмауды ескертті.


Соңғы жаңалықтар