Мереке күндері Жезқазған тұрғыны той жасап, оған 50 қонақ қатысқан
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Санитария дәрігерлерінің бірнеше рет айтылған ескертуіне қарамастан кей адамдар өздерінің ғана емес, жақындарының да денсаулығы мен қауіпсіздігіне бейжай қарап отыр. Бұл жайды коронавирусқа қарсы ведомствоаралық комиссияға слітеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
Мереке күндері мониторинг топтары рейд шараларын жалғастырды. Оның барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталған.
Мысалы, Қарағанды облысының Жезқазған қаласындағы «Ұлытау» мейрамханасында 50 адамның қатысуымен той өткізілген.
Бұл - санитариялық дәрігерлердің нұсқауын тікелей бұзу.
Жезқазған қаласында пандемия басталғаннан бері барлығы 175 кемшілік анықталған, оның ішінде 19-ы - отбасылық іс-шараларды өткізу фактілері.
Тәртіп бұзушыларға 19 737 690 теңге айыппұл салынған.
«Құрметті қазақстандықтар, өз денсаулығыңыз - өз қолыңызда, осыны естен шығармаңыздар» деп ескертеді комиссия.