Мереке күні жұртшылыққа 20 тонна қарбыз тегін таратылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 тамыз, Ресей әуе десанты әскері күні Мәскеудегі Горький атындағы саябақта музыкалық топтар өнер көрсетеді, сонымен қатар жиылған көпшілікке тегін қарбыз таратылмақ.
Ол үшін саябақ әкімшілігі 20 тоннаға жуық қарбыз сатып алған. Сондай-ақ саябақта десантшылар күні дала ас үйі жұмыс жасайтын болады. Ал қазіргі сәтте аталымш мерекеге орай арнайы көрмелер ашылуда, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.