Мерекеде елордада 23 666 текше метр қар тазаланды

АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - 31желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында елордада 23 666 текше метр қар тазаланды, деп хабарлайды astana.kz сайты.

Мерекеде елордада 23 666 текше метр қар тазаланды

Қар тазалау жұмысына күніне 500-ге тарта қар тазалайтын техника жұмылдырылды. Бір ауысымда шамамен 400 жол қызметкері жұмысқа шықты.

31 желтоқсанда Алматы ауданында қар күрейтін және қарды тазалап тиейтін 164 техника шығарылса, Сарыарқа ауданында - 134, Есіл ауданында - 164. Олар шамамен 7 010 текше метр қар тазалады.

1 қаңтар күні Есіл ауданында 399, Алматы ауданында - 140, Сарыарқа ауданында - 113 қар күрейтін машина жұмыс істеді. Тазаланған қар - 4 676 текше метрді құрады.

Ал, 2 қаңтар күні Алматы ауданының көшелеріне қар күреп, тазалайтын 212 машина, Сарыарқа ауданына - 142, Есіл ауданына - 185 машина шығарылды. Түнде жауған қардан кейін қала көшелерінен 11 980 текше метр қар қала сыртына тасылды.