Мерекеге орай павлодарлық көпбалалы аналарға 18,4 мың теңге беріледі

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мұндай материалдық көмекке 700-ден аса ана ие болмақ. Біржолғы төлем атаулы әлеуметтік көмек алатындарға тиесілі.

Алматидаги хостелдаги ёнғинда ҳалок бўлган Қозоғистон фуқароларининг оилаларига ҳар бирига 1 миллион тенгедан пул берилади
Фото: Рустем Айтхожин/Kazinform

Бұл туралы өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.

«Мереке қарсаңында атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы аналарға 18 460 теңгеден берілуде. Бүгінде Павлодар қаласы бойынша мұндай біржолғы төлемге 277 ана ие болды. Ал облыс бойынша 700-ден аса адамға тағайындалады», делінген ақпаратта.

Аталған төлем аналардың есеп-шотына автоматты түрде аударылатын болады.