Мерекелік қарбаласта ұрылардан қалай сақтану қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат -Полиция қызметкерлері әмиян мен құнды заттарды полиэтиленді пакетке және сөмкені азық-түлікке арналған арбаға салмауды, кезекте тұрғанда сөмкені қолға ұстап тұруды ескертеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Мерекелік қарбаласта ұрылардан қалай сақтану қажет

«Қоғамдық көлікте мұқият болуды, сөмкеңіздің жабық болуын қадағалау және алдыңызға ұстап тұру қажет. Сондай-ақ, отырған кезде алдыңызға алып отыруды, құнды заттарыңызды киімнің ішкі қалталарында алып жүру барынша қауіпсіз», - деп кеңес береді елордалық полицейлер.

Айта кетейік, жыл басынан астаналық тәртіп сақшылары қылмыс үстінде 135 ұрыны қолға түсірді. Олардың 40-ы уақытша ұстау изоляторына қамалған.