Мерекелік тарту: Аршалы кентінде жаңа мешіт ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Аршалы кентінде жаңа мешіт ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Иісі мұсылмандар үшін қасиетті мейрам Құрбан айттың алғашқы күні сый ретінде пайдалануға беріліп отырған "Нұралы би" мешіті 250 адамға арналған. Салтанатты шараға аудан əкімі Азамат Тайжанов, Нұралы бидің ұрпақтары мен аудан тұрғындары қатысты. Шара барысында ұлттық спорт ойындары мен түрлі мəдени шаралар ұйымдастырылды.

Осы күні жаңа мешітте айт намазы оқылғаннан кейін мерекелік ас берілді.

Мешіт құрылысына жоба бойынша 50 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған және аудан тұрғындары мен демеушілердің қаражатына салынған. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың тамыз айында басталып, тура 1 жылдың ішінде аяқталып отыр.
nullnull

Алдағы уақытта мешіт қасынан 200 орындық медресе ашу жоспарда бар.

Соңғы жаңалықтар