Мерекелік демалыста ҚТЖ пойыздары 860 мыңнан астам жолаушыны тасымалдаған

АСТАНА. KAZINFORM – Наурыз айындағы мерекелік демалыста «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздары арқылы 860 мыңнан астам жолаушы қатынаған. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.  

Поезд
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Тасымал компаниясының мәліметінше, мереке күндері жолаушылар арасында Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Шымкент — Ақтөбе және Павлодар — Астана бағытындағы пойыздарға сұраныс жоғары болған. 7, 9, 21 және 23 наурыз күндері аралығында жолаушылардың қарасы көп болған. 

жолаушы
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

«Мереке күндері тасымалға сұраныстың жоғарлауына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша 3 пойыз және вагондар тіркеу есебінен жолаушыларға 30 мыңнан астам қосымша орын ұсынды. Сонымен қатар, қала маңындағы бағыттарға электрпойыздардың 4 рейсі қосылып, пойыздардың құрамы ұлғайтылды» — делінген хабарламада. 

Жолаушы
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Айта кетейік, жыл сайын ұлттық тасымалдаушының пойыздарын 13 миллионнан астам жолаушы пайдаланады. 

Соңғы жаңалықтар