Мерей Ақшалов ел құрамасының қоржынына екінші алтын медальді салды

АЛМАТЫ. 26 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы бокстан Алмаитыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында командалық есепте алға шықты. 64 келі салмақта бақ сынаған Мерей Ақшалов кубалық Ясниер Лопес Толедоны 3:0 есебімен қапы қалдырды.

Мерей Ақшалов ел құрамасының қоржынына екінші алтын медальді салды

Ел құрамасының қоржынына екінші алтын медальді салған Мерей жартылай финалда 2011 жылғы Әлем чемпионы бразилиялық Эвартон Лопесті де ұтқан болатын.

Қазір Қазақстан 2 алтын, 1 қоламен алда келе жатыр. Ал Ресей мен Куба қоржынында бір-бір алтын медаль бар. Егер олардың енді ақтық сында тек бір боксшылары ғана болса, қазақстандықтардың әлі төрт былғары қолғап шебері бар екенін ескерсек, қазақстандықтарды алдын ала құттықтай беруге болады.