Мерей Ақшалов қазақ боксшыларының жеңісті жолын жалғастырды
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Үшінші қазақстандық боксшы Әлем чемпионатының жартылай финалдық кезеңіне шықты.
64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мерей Ақшалов қырғыз боксшысы Ермек Сакеновпен қолғап түйістіріп, 3:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz .
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Біржан Жақыпов (49 кг) пен Қайрат Ералиев (56 кг) жартылай финал жолдамасын ұтып алған болатын.