Мерей Медетов байдарка және каноэде есуден Азия чемпионы атанды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Шанхай (Қытай) қаласында байдарка және каноэде есуден жастар арасында өткен Азия чемпионатында қызылордалық спортшылар 2 жүлдені иеленді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
None
None

Жоғары спорт шеберлігінің тәрбиеленушісі, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері  Мерей Медетов 200 метр қашықтықта каноэ - екілік бәсекесінде Азия чемпионы атанды.

 №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы, ҚР спорт шебері Алтынбек Қожахмет 1000 метр қашықтықта каноэ - бірлік сынында қола жүлдеге ие болды.

Спортшыларды жарысқа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұхитдин Мейірбеков дайындады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум