«Мерейлi отбасы» байқауында үздік отбасы үшін онлайн-дауыс беру басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап 8 қыркүйек сағат 24.00-ге дейін ашық интернет-дауыс беруге атсалысып, «Мерейлі отбасы» байқауындағы жеңімпаз отбасыны айқындауға қатысуға болады.
«Мерейлі отбасы» байқауы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл сайын өткізіледі. Ол үш кезеңнен тұрады: аудандық, облыстық, республикалық. Мақсаты - отбасы институтын, адамгершілік, руханиятты нығайту, отбасылық құндылықты арттыру. Бұл туралы кеше, 1 қыркүйекте ОКҚ-да баспасөз мәслихатында ҚР Президентінің жанындағы әйелдер және отбасы-демографиялық саясат істері ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен хабарлаған болатын.
Ол «Мерейлі отбасы» байқауы биыл сәуірде басталды. Қазақстанның әр өңірінде аралық турда қатысушылар іріктелді. Көрермендердің көп дауысын жинаған отбасы «Мерейлі отбасы» лауреаты атағын алып, оларға диплом, ерекше белгі, бағалық сыйлықтар беріледі.
Оның айтуынша, биыл байқауға қатысушылардың басты ерекшелігі - интернационалдық колориті. Биыл 19 этнос, 53 интерноционалдық отбасы қатысуда. Олардың 40 пайыздан астамы көп балалы, - деді спикер.
«Мерейлі отбасы 2016» ұлттық байқауының финалына шыққан отбасылар тізімі
1. Астана - Қобылбаевтар
2. Алматы - Жиенбаевтар
3. Ақмола облысы - Әкімбаевтар
4. Ақтөбе облысы - Нұсқабаевтар
5. Алматы облысы - Ақанаевтар
6. Атырау облысы - Қаршегеновтар
7. ШҚО - Түкібаевтар
8. Жамбыл облысы - Бласовтар
9. БҚО - Биғалиевтар
10. Қарағанды облысы - Раковтар
11. Қостанай облысы - Солодовтар
12. Қызылорда облысы - Сыздықовтар
13. Маңғыстау облысы - Наурызмағанбетовтер
14. Павлодар облысы - Ғанеевтер