«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізді.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізілді

ҚазАқпарат қаулының мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №640

2015 жылғы 12 тамыз, Астана, Үкімет Үйі

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 126-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларында: 6-тармақта: бірінші бөлік мынадай редак­цияда жазылсын: «6. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйел­дер істері және отбасылық-демо­графиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ Астана, Алматы қалалары және облыстар әкімдерінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық ­саясат жөніндегі комиссиялардың қолдауымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Ден­­­саулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.»; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Конкурс Қазақстан Рес­пуб­ликасы Инвестициялар және даму министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың жәрдемдесуімен өткізіледі.»; 14,15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «14. Аудандық (қалалық) комиссия конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталған кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде аудандық конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөнінде алынған ақпаратты жан-жақты тексеруді жүзеге асырады, содан кейін екі жұмыс күні ішінде аудандар (қалалар) әкімдерімен келісілген төрт қатысушының (отбасының) конкурстық материалдарын өңірлік комиссияларға жібереді. 15. Өңірлік комиссиялар аудан­дық (қалалық) комиссиялардан материалдарды алған кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде екі үздік отбасын іріктеуді жүргізеді, қажет болған жағдайда ұсынылған материалдарға қосымша тексеруді жүзеге асырады және облыстық конкурстың жеңімпаздары айқын­далғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Астана, Алматы қалалары­ның және облыстардың әкімдері­мен келісілген өз шешімдерін осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттар топтамасымен бірге, «Мерейлі отбасы» ұлттық кон­курсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - комиссия) жібереді.»; 16-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын; 17,18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «17. Комиссия өңірлік комис­сиялардың ұсыныстарын алқалы түрде қарағаннан кейін 10 күн ішінде бағдарламалар циклын әзірлеу үшін мемлекеттік телеарнаға іріктеу туралы, сондай-ақ лауреат атағын тағайындау жөніндегі үміткер отбасылар туралы материалдарды жолдайды. 18. Жеңімпаздарды іріктеуге смс-хабарламалар және интернет-ресурс арқылы интерактивті дауыс беру жолымен елдің барлық тұрғындары белсенді түрде қатысады. Интерактивті дауыс беру мер­зімдерін конкурс ұйымдас­­тыру­шылары айқындайды.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

ҚР Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.