Мерген Ислам Сәтпаев Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық спортшы Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сынға түсті.
Ислам 50 метрден үш қалыпта мылтықпен атудан жекелей сайыста өнер көрсетті.
Отандасымыз ақтық бәсекеде 348.3 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.
Алтын медальді қытайлық Чжан Чанхун жеңіп алды - 360.5. Күміс медаль оның отандасы Лю Юйкуньға бұйырды - 360.2.
Айта кетелік Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия ойындарының финалына шыққаны туралы жазған едік.