Мэрилин Монро қайтыс болған үй 7,2 млн долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливуд актрисасы өзінің жеке тұрағы санаған үй Брентвудта орналасқан.
None
None

1962 жылы Мэрилин Монро қайтыс болған үй 7,2 млн долларға сатылды, деп хабарлайды LABJ News. Аталып өтілгендей, Брентвудта актрисаға тиесілі жалғыз жекежай орналасқан.

Бұрын хабарланғандай, ол 6,9 млн долларға сатылымға қойылған еді. Бұл үйді соңғы рет 2012 жылы сатпақшы болған.

Мэрилин Монро жартылай жиһаздалған үйге қайтыс болардан бірнеше ай бұрын орналасқан. Актриса бұл үйді сатып алу үшін 75 мың доллар жұмсады. 

Соңғы жаңалықтар