Мэрилин Монроның құлпытасы мен көйлегі аукционда сатылды
ASTANA. Kazinform – Америкалық әнші, модель Мэрилин Монро мен Playboy журналының негізін қалаушы Хью Хефнерге тиесілі көптеген заттар, соның ішінде актрисаның бір кездері киген алқызыл көйлегі, сондай-ақ Хефнердің смокингі мен тәпішкелері аукционда сатылды. Бұл туралы The Hollywood Reporter басылымы хабарлады.
Лос-Анджелестегі Pirs Brothers memorial саябағында Хью Хефнер мен Мэрилин Монроға тиесілі түрлі заттар сатылғаны атап өтілді. Julianʼs Auctions мәліметі бойынша, тарихи көйлек 325 000 долларға сатылып, бұрынғы аукцион рекордын жаңартқан.
Ал Монроның тозған құлпытасы (жаңасына ауыстыруға тура келген) 88 900 долларға бағаланды. Хефнердің түрлі-түсті смокингі, тәпішке, пижама мен темекі түтігі 13 000 долларға, ал оған арнайы жасалған дөңгелек төсек орны 13 000 долларға сатылды.
Хефнердің дөңгелек төсегі мен Монроның шомылу костюмін сатып алған адам көптен бергі арманы орындалғанын айтты.

«Мен өмірімнің қалған бөлігін Мэрилин Монроның қасында өткізгім келеді», - деді ол.