«Меркі-Бурылбайтал» автожолын қайта жаңартуға қанша қаржы жұмсалды
АСТАНА. KAZINFORM - Республикалық маңызы бар «Меркі-Бурылбайтал» автожолын қайта жаңарту бойынша негізгі жұмыстар аяқталды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар «Меркі-Бурылбайтал» автомобиль жолының 7-273 шақырым аралығында учаскесін қайта жаңарту бойынша негізгі жұмыстардың аяқталғанын хабарлайды.
Жоба аясында 20 көпір мен суқұбырлар соғылып, 281 су өткізгіш нысан орнатылып, сондай-ақ демалыс алаңдарында 3 санитарлық-гигиеналық торап абаттандырылды.
«Меркі-Бурылбайтал» қайта жаңарту жобасында 2 192 мың тонна асфальтбетон төселіп, 1020 адам мен 591 техника жұмылдырылды.
Келесі учаскелер кезең-кезеңмен аяқталып, қолданысқа берілді:
- «Шу-Хантау» (126-189 км) ұзындығы 62 шақырым, ІІ санат;
- «Хантау – Бұрылбайтал» (189-273 км) ұзындығы 81 шақырым, II санат;
- «Шу қ. айналма жолы» (90-126 км) ұзындығы 36 шақырым (4 шақырым Іб санатта, 32 шақырым ІІ санатта);
«Меркі – Шу» (км 7-90) длиной 82 км Iб категории.
«Меркі-Шу» (7-90 км) ұзындығы 82 шақырым, Іб санат.
Жаңа асфальтбетон жабынымен жолдың барлық ұзындығында көліктерге қозғалыс қамтамасыз етілді.
Осыған дейін елімізде сыртқы қарыздар есебінен салынып жатқан жолдар туралы мәліметтерді жарияладық.