08:48, 28 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Мерке ауданында автобустың өртенуіне тоқтың қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін - Жамбыл облысы
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Мерке ауданында автобустың өртенуіне электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін, - дейді Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттегілер.
Бұрын хабарланғандай, жексенбі, қыркүйектің 26-сы күні Мерке ауданындағы Мерке-Шу-Бурылбайтал автожолының сегізінші шақырымында 1983 жылы шығарылған «МАN» маркалы жолаушылар автобусы өртеніп кеткен.
ТЖД ақпараты бойынша, автобус Шу қаласындағы үйлену тойынан Таразға қайтып келе жатқан.
Өрт салдарынан автобус толықтай жанып кетті. Жалын ауыздықталған соң, автобус ішінен бір жолаушының денесі шығарылды (Сарысу ауданының тұрғыны). Екі аяғын күйік шалған Байзақ ауданының тұрғыны Мерке ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жаткізілген.
Автобус иесі мен келген шығынның көлемі анықталып жатыр. Өрт фактісіне қатысты тексеруді Мерке аудандық ішкі істер бөлімі қолға алған.