Мерке стансысында Тәжікстаннан келген есірткі тасымалдаушы ұсталды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының Мерке теміржол стансысында героинмен тәжікстандық азамат ұсталды,

Мерке стансысында    Тәжікстаннан  келген   есірткі  тасымалдаушы  ұсталды

деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Бішкек-Мәскеу бағытындағы №27 пойызды тексеру кезінде жолаушылардың біреуі шекарашылардың күдігін туғызады. Әлгі азаматтың жүгін тексеру барысында 2,850 келі героин табылған.

Ұсталған азамат Тәжікстан азаматы болып шықты. Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.