Меркель Ауғанстандағы әуе шабуылына байланысты егжей-тегжейлі тексеру жүргізуге уәде берді

АСТАНА  Қыркүйектің  8-і.   ҚазАқпарат - Германия канцлері  Ангела Меркель   Ауғанстанда НАТО  әуе күштерінің  екі бензин таситын машинаны   бомбалауымен  байланысты  оқиғаны егжей-тегжейлі тексеруге уәде берді.
None
None

ГФР    үкіметінің басшысы сейсенбі күні  бундестагта  Ауғанстандағы     оқиғаға қатысты үкіметтің  мәлімдемесін     таныстырды.  Ангела Меркель,  бұл оқиғаның   мән-жайын анықтау   керектігін,  бірақ   барлық  жағдай анықталғанша,     алдын-ала дәлелсіз  айыптаулар   айтуға   ерте екенін  баса атап көрсетті.

Естеріңізге  сала  кетейік,  оқиға   өткен жұма күні     Құндыз     қаласының  маңында,   бундесвердің   жауапкершілігіндегі аумақта  орын  алған  болатын.    НАТО-ның әуе  шабуылының    нәтижесінде    130-ге жуық  адам    қаза тапты,     олардың  көпшілігі - бейбіт тұрғындар.

 РАТА-ТАСС агенттігінің  хабарлауынша,  Меркель     ағымдағы жылдың соңына  дейін  Ауғанстан    бойынша  халықаралық  конференция  өткізу  туралы   Германия,  Франция  және  Ұлыбританияның  ұсыныстарын еске салды. 

Соңғы жаңалықтар