Меркель ханым «Еркін демократиялық партиямен» жаңа билік жүргізуші коалиция құру ниетін мәлім етті

АСТАНА.  Қыркүйектің  14-і. ҚазАқпарат  - Германия  канцлері  Ангела Меркель   ханым «Еркін  демократиялық партиямен»  жаңа  билік  жүргізуші  коалиция  құруға  талпынуда.  

Меркель ханым   «Еркін  демократиялық партиямен»  жаңа  билік  жүргізуші  коалиция  құру  ниетін  мәлім етті

Қазіргі уақытта Германияға  Меркель ХДС/ХСС партиялық одағы мен  «Әлеуметтік-демократиялық партия»коалициясы басшылық етіп  отыр,  деп   хабарлайды   «РИА «Новости» агенттігі.   Парламенттік сайлау  Германияда  қыркүйектің 27-сіне белгіленіп  отыр. 

«Мен басқа коалиция  құруға  талпынып  отырмын,  нақты айтқанда,   «Еркін  демократиялық партиямен»     күшті   коалиция  құрғым келеді.  Менің  ойымша,   заң шығарушы биліктің  келесі кезеңіндегі  басты  мақсаттарға    -  жұмыс орындарын құру,   дағдарыстан    тез шығу  және     экономикалық дамуды ынталандыру мақсаттарына  

«Еркін  демократиялық партиямен»     ынтымақтастықта     жол жеткізу табыстырақ болады деп ойлаймын»,- деп  мәлім етті Меркель ханым  жексенбі күні     «Еркін  демократиялық партиясының»   канцлерлікке  ұсынып отырған     кандидаты, елдің  сыртқы  істер министрі  және    вице-канцлері Франк-Вальтер Штайнмайермен  болған   сайлауалды тележекпе-жегінде.