Меркель Кличкомен және Яценюкпен Берлинде 17 ақпанда кездесетін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ГФР канцлері Ангела Меркель украиндық оппозиционерлер көшбасшылары Виталий Кличко (УДАР) және Арсений Яценюкпен («Батькивщина») Берлинде дүйсенбі, 17 ақпанда кездеседі.
Бұл туралы ГФР үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Украинадағы ішкі саяси жағдайдың бұдан әрі өрбуі басты назарда болады", - делінген хабарламада.
БАҚ деректеріне қарағанда, Германия астанасына оппозиционерлер ГФР үкіметі басшыларының шақыртуы бойынша бармақ.