Меркель: Ксенофобия мен экстремизмге бұл елде орын жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия канцлері Ангела Меркель Берлинде өтіп жатқан митингте зорлық-зомбылық пен төзімсіздікке қарсы шара қолданатын уақыт жеткенін айтты, деп жазады ВВС.

«Дін атын жамылып, оны өз мақсаттарына пайдаланатындар бар. Париждегі қайғылы жағдай - соның дәлелі», - деді А.Меркель Франция елшілігі алдында гүл шоқтарын қою рәсімінде.

Германия канцлерінің айтуынша, Конституция бойынша, барлық күшті қолданатын уақыт жетті. «Ксенофбия, нәсілшілдік, экстремизмге бұл елде орын жоқ. Біз оларға еш жерден орын табылмайтындай күресетін боламыз», - деді Меркель.

Соңғы жаңалықтар
telegram