Меркель, Олланд, Рахой A320 ұшағы апатқа ұшыраған аймаққа барды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Germanwings әуекомпаниясының A320 ұшағы құлаған Альпі тауының шатқалдарына Германияның Федералдық Канцлері Ангела Меркель, Франция Президенті Франсуа Олланд, Испания Премьер-Министрі Мариано Рахой және Каталония үкіметінің басшысы Артуро Мас барды, деп хабарлады ВВС.
Оқиға орнына жеткен лауазымды тұлғалар, құтқарушылар командасымен сөйлесіп, мән-жайды білген. БАҚ-тың хабарлауынша, Меркель мен Олланд бір тікұшақпен келіп, ұшақ құлаған аймақты толық аралап шықты.