Меркель палестиналық қызды жылатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламторда Германия канцлері Ангела Меркельдің қатысуымен болған келеңсіз жағдай қызу талқылануда. Германиядағы босқындар тақырыбында оқушылармен әңгімелескен кезінде Меркель Германиядан депортацияланатындардың қатарындағы Ливаннан келген қыздың ата-анасына қатысты пікірін айтқан.
Канцлер қыздың өзгелермен бірге жер аударуға көнуге мәжбүр екенін, өйткені Германия барлығын қабылдай алмайтынын айтқан.
Бұл сөздерден кейін қыз телекамералар алдында жылап жіберген. Мұны күтпеген Ангела Меркель қызды жұбатпақ болған.
Германия канцлері жағдайды түсінетінін, алайда Германия Ливаннан келген босқындардың барлығын қабылдай алмайтындығын айтты.
Бұл мәселе әлеуметтік желіде қызу дау туғызды. Пайдаланушылардың көпшілігі канцлердің босқындарға деген мұндай салқынқандылығына наразылықтарын білдіруде.