Меркель тосыннан Ауғанстанға сапармен келді
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Германия канцлері Ангела Меркель бүгін тосыннан қысқа мерзімді сапармен Ауғанстанға келді.
Германия Үкіметі басшысының сапары туралы ақпарат қауіпсіздік үшін өте құпия сақталған, деп хабарлады РБК.
Канцлермен бірге ГФР Қорғаныс министрі Томас де Мезьер жүр. Бұл Меркельдің Ауғанстанға 5-ші сапары. Ол соңғы рет 2012 жылдың наурызында Кабулға келген болатын
Германия канцлері осындан екі жыл бұрын алғаш рет неміс сарбазы мерт болған Гиндукуш тауындағы бітімгершілік неміс котингентіне бармақ ниетте.