«Меркі-Шу-Бұрылбайтал» тасжолындағы көпір жөнделді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жауын шайып кеткен «Меркі-Шу-Бұрылбайтал» тасжолы ның учаскесі жөнделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«Меркі-Шу-Бұрылбайтал» тасжолындағы көпір жөнделді

«Жолшылар «Меркі-Шу-Бұрылбайтал» тасжолындағы қозғалысты тез қалпына келтірді. 15 тамызда қар аралас нөсер салдарынан Жамбыл облысында реконструкцияланып жатқан «Мерке-Шу-Бұрылбайтал» тасжолының 74-шақырымынындағы бекітілмеген құбыр шайылып кетті. Мамандар шайылу салдарын шұғыл түрде жойып, көлік қозғалысын қалпына келтірді», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Меркі ауданы тауларында қалың жауған қар аралас нөсер салдарынан жергілікті автожол және Аспара-Шу аралығындағы теміржол көпірінің тірегін су шайып кеткен еді. Соның салдарынан 6 жолаушы пойызының жүрісі кешіктірілді.