Меруерт Сүлейменова кір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық спортшы қыз Меруерт Сүлейменова кір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды.
None
None

Ирландияның астанасы Дублин қаласында өткен байрақты жарысқа әлемнің 39 елінен келген 700-ге жуық спортшы қатысты. Оның ішінде Қазақстан құрамасының сапында Ақмола облысы Астрахан ауданының жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің тәрбиеленушісі 18 жастағы Меруерт Сүлейменова да болды. Жерлесіміз 68 келі салмаққа дейінгі қыздар арасында өткен жарыста жұлқа көтеру тәсілі бойынша жеңімпаз атанды.

«Меруерт 24 келі кір тасын 131 рет көтерді», дейді жаттықтырушысы Бақтияр Жұмабеков. Сонымен қатар, ол қыздың ұлттық құрама сапында болған жалғыз ақмолалық спортшы екенін атап өтті. Аталған додада Қазақстан құрамасы жалпы командалық есеп бойынша алдына ресейліктерды жіберіп, екінші орыннан көрінді. Қазіргі кезде, әлем чемпионы Семей қаласында өтетін Республика ккубогына дайындығын бастап кетті.

Соңғы жаңалықтар