00:19, 18 Наурыз 2017 | GMT +5
Мерзімінен бұрын Парламент сайлауы өтпейді - Мемлекет басшысы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мерзімінен бұрын Парламент сайлауы өтпейді. Бұл туралы бүгін отандық телеарналардан көрсетілген республикалық БАҚ өкілдеріне сұхбаты барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мынадай жақсы бір сөз бар: Жаңа сайлаудан соң және үйленгеннен кейін әр уақытта қалағаныңа қол жеткізе бермейсің. Сондықтан, адамдар неліктен жаңа сайлауға соншалықты құмар? Парламент 2021 жылға дейін сайланған. Ол өз мерзімінде толықтай жұмыс істейтін болады. Бұл соңғы бапта жазылған», - деді ҚР Президенті мерзімінен бұрын Парламент сайлауы өтуі мүмкін бе деген сауалға орай.