Мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу - жаңа форматтағы мамандардың танылуына жол ашады - М. Жұрынов
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу - жаңа форматтағы мамандардың танылуына жол ашады, - деп санайды ҚР Ұлттық ғылым академиясынң президенті Мұрат Жұрынов.
«Қазақстанда алдағы 20 наурызда Парламент Мәжілісіне сайлау болады. Бұған әрине, саяси партиялар да қатысады. Ал енді мына жергілікті мәслихаттарға да сайлау сол кезде жүреді. Менің ойымша, бұл дер кезінде қабылданған шара. Президентіміз қазір ел алдына үлкен мақсаттар қойып отыр. Бұл, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену стратегиясы, сондай-ақ 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру. Бұл үшін жаңаша ойлайтын, ғылыми негізде жұмыс істей алатын жігерлі де ынталы, білімді де білікті мамандар қажет. Ал бұл мамандар менің ойымша мынау жергілікті жерлерде тікелей сайлау тәсілімен анықталады. Менің ойымша, бұл біздің қоғамымыздың, Қазақстан халқының әрі қарай өсуіне, қоғам ретінде дамуына оң әсерін тигізеді», - деді М. Жұрынов.