Мешітті жармақ болған оқиғаның алды алынды

АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Мешіттің құрылыс алаңында жарылыс ұйымдастырмақ болған Калининград тұрғыны үш жылға  сотталды.

Мешітті жармақ болған оқиғаның алды алынды

Жарылысты жүзеге асыру үшін ол электр-газ дәнекерлеуші білімі мен әскерде алған саперлық шеберлігін пайдаланбақ болған, деп хабарлайды Лента ру.

2011 жылдың 27 қарашасында жарылыстың алды алынды. Оны федералдық қауіпсіздік қызметкерлері анықтаған. Сотталушы жарылысты жасау үшін 50-литрлік пропан баллоны мен 25-литрлік оттегі баллонын пайдалануды көздеген.

Түрмеге отырғызылған азаматтың аты -жөні Анатолий Насонов. Ол 21 жаста.