Мешіттегі газ баллон жарылысы: оқиға орнына облыс басшылығы барды
АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылындағы бұрынғы мешітте ас беру кезінде газ баллоны жарылып, 3 адам мерт болды және 16 адам зардап шекті. Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары барды.
«Қорғалжын ауданындағы оқиға орнына Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Ердос Рамазанов барды. Жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті көмек көрсетеді», - деген хабар алдық облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақмола облысында бұрынғы мешітте ас беру кезінде газ баллоны жарылып, үш адам мерт болды.
Сондай-ақ, зардап шеккен 16 адам Астана қаласына ауруханаға жеткізілді. Елорданың денсаулық сақтау басқармасы газ баллоны жарылысынан зардап шеккен адамдардың қазіргі халі туралы мәлеметпен бөлісті.