Мессенджерде қызды балағаттаған Ақтау тұрғынына айыппұл салынды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Мессенджерде қызды балағаттаған Ақтау тұрғынына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лада. сайтына сілтеме жасап.

Мессенджерде қызды балағаттаған Ақтау тұрғынына айыппұл салынды

Ондағы мәліметтерге қарағанда, ер адам WhatsApp мессенджері арқылы қыздың ар-намысына тиетін сөздер жазып жіберген. Бұл жағдай Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралда. Ер адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434 бабы, 1 бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 айлық есептік көрсеткіш немесе 13 255 теңге көлемінде айыппұл салынды.