01:51, 10 Шілде 2017 | GMT +5
Месси аптасына миллион доллар табыс табады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселона» клубының және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси аптасына бір миллион фунт стерлинг (1,289 миллион доллар) табыс табатын болады, - деп хабарлайды lenta.ru.

Месси осындай көлемде табыс табатын әлемдегі ең бірінші футболшы болмақшы. Қазіргі заманның тағы бір жарқын жұлдызы Криштиану Роналду аптасына 365 мың фунт стерлинг (470 мың доллар) табыс табады. Бұл дегеніміз португалиялық футболшы аргентиналықтан үш есе аза алады деген сөз.