13:08, 27 Маусым 2016 | GMT +5
                                        Месси Аргентина құрамасынан кеткенін мәлімдеді
                                             АСТАНА. ҚазАқпарат  - Атақты шабуылшы Лионель Месси  Америка-2016 кубогының финалындағы жеңілісінен кейін Аргентина футбол  құрамасындағы уақытының аяқталғандығы туралы мәлімдеді деп хабарлайды  РИА Новости.
                                        
                                        
                                     
                                              Жексенбі күні АҚШ-та өткен ақтық финалда аргентиналықтар Чили командасынан пенальти кезінде 2:4 есебімен жеңілді, ал Лионель Месси өзінің он бір метрлік жердегі соққысын жүзеге асыра алмай қалды.
«Мен үшін Аргентина құрамасында бәрі бітті. Бұл менің шешімім», - деді 29 жастағы форвард.
17 жасынан бастап испандық «Барселона» командасының ойыншысы болып келген Лионель Месси - қазіргі таңдағы ең үздік футболшылардың бірі. Ол бес рет «Алтын доп» иегері атанды.