Месси «Барселонада» көргісі келетін ойыншылардың тізімін жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каталондық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси командасында көргісі келетін футболшылардың тізімін жасады.

Месси «Барселонада» көргісі келетін ойыншылардың тізімін жасады

Футболшы алдағы трансфер кезінде басшылардан осы ойыншыларды сатып алуларын өтінген. Команда алдағы уақытта қорғаушы, жартылай қорғаушы, плеймейкер және шабуылшы іздестірмек екен.

Месси бұл орындарға лайықты ойыншыларды таңдап үлгерген. Ол қорғаушы Эктор Бельерин («Арсенал») мен жартылай қорғаушы ретінде Марко Вератти (ПСЖ) және Бернарду Силваның («Монако») келгенін қалайды.

Ал плеймейкер қызметін Филиппе Коутиньо («Ливерпуль») атқара алатынына сенімді. Бірақ ағылшындық клуб өз ойыншысын сатпайтынын мәлімдеп үлгерді.

Шабуыл шебіне Килиан Мбаппенің («Монако») немесе Усман Дембеленің («Боруссия Дортмунд») келгенін жөн санайды, деп жазады Vesti.kz.