Месси «Барселонаға» қайта оралған жағдайда жылына 25 млн еуро көлемінде жалақы алады

None
Фото: championat.com
АСТАНА. ҚазАқпарат – Аргентина құрамасы мен «ПСЖ» клубының шабуылшысы Лионель Месси «Барселонаға» қайта оралған жағдайда жылына 25 млн еуро көлемінде жалақы алуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, испаниялық клуб Л.Мессиге осыншама көлемде жалақы ұсынуға дайын.

Sport.es мәліметі бойынша «Барселона» Мессиге бір жылға келісімшарт ұсынады. Келісімшартты тағы бір маусымға созу мүмкіндігі қарастырылған. Каталониялық клуб ұсынбақшы жалақы аргентиналық шабуылшының «ПСЖ»-да алып жүргенінен төрт есеге төмен.

Мессидің «ПСЖ» клубымен келісімі 2023 жылдың маусымында аяқталады. Содан кейін шабуылшы еркін агент бола алады.

«Барселонадан» басқа Мессиге Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» клубы көз салып отыр. Олар жылына 400 млн еуро көлемінде жалақы ұсынуға әзір.

«ПСЖ» клубымен келісім біткен мерзімде Месси 36 жасқа толады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Гвардиоланың командасын Чемпиондар лигасының жартылай финалына он рет шығарған бірінші бапкер атанғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар