02:47, 28 Тамыз 2015 | GMT +5
Месси Еуропаның үздік футболшысы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лионель Месси 2014-2015 маусымындағы УЕФА-ның үздік ойыншысы атанды, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Мессиді 54 ұлттық қауымдастықтан құралған УЕФА-ның журналистерден тұратын қазылар алқасы таңдады. Бұл атаққа Луис Суарес пен Криштиану Роналду да лайықты үміткер болған. Бұған дейін Месси 2011 жылы үздік ойыншы атанған, ал былтыр бұл атақты Роналду жеңіп алған болатын.