Месси Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығының тұжырымы бойынша жыл спортшысы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ПСЖ» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығының (AIPS) тұжырымы бойынша 2022 жылдың үздік спортшысы болып танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сhampionat.com. сайтына сілтеме жасап.

Месси Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығының тұжырымы бойынша жыл спортшысы атанды

Дауыс беруге әлемнің 113 елінен 420 журналист қатысты. Месси 962 (25,45%) дауыс жинады.

Рейтингіде екінші орында жеңіл атлетика өкілі Арман Дюплантис (373 дауыс) тұр.

Көшбасшылар үштігін «ПСЖ» және Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе (366 дауыс) тұйықтады.

Айта кетейік, AIPS өтіп бара жатқан жылдың үздік спортшысы атағы үшін дауыс беру нәтижесін жариялады. Ол «Барселона» және Испания әйелдер құрамасының футболшысы Алексия Путельяс болды.

Еске салайық, осы маусымда Месси Аргентина құрамасының құрамында футболдан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.


Фото: Голубович Дмитрий, «Чемпионат»