Месси Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінің 2014 жылғы үздік спортшысы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбиялық жеңіл атлетші Катерина Ибаргуэн мен аргентиналық футболшы Лионель Месси Кубаның Prensa Latina агенттігінің сауалнамасы бойынша Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінің 2014 жылғы үздік спортшылары атанды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Месси Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінің 2014 жылғы үздік спортшысы атанды

Ерлер арасында «Алтын доптың» төрт дүркін иегері, испаниялық «Барселонаның» (FC Barcelona) аргентиналық форварды Лионель Мессиге лайықты бәсекелес мадридтік «Реалдың» (Real Madrid CF) колумбиялық ойыншысы, Бразилия-2014 әлем чемпионатындағы «Алтын бутсаның» иегері Хамес Родригес болды. Үшінші орынды колумбиялық велошабандоз, "Джиро д'Италия-2014" жеңімпазы Наиро Кинтана алды.

Колумбиялық жеңіл атлетші Катерина Ибаргуэн мен аргентиналық футболшы Лионель Месси 2011 жылы да үздік спортшылар атанған.