Месси, Неймар мен Роналду - Чемпиондар лигасының үздік шабуылшылары
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду, сондай-ақ "Барселона" форварды Лионель Месси мен Неймар Чемпиондар лигасының 2014/15 маусымындағы үздік шабуылшылар атанды, деп хабарлады sports.ru.
Аргентиналық, бразилиялық, португалиялықтың есебінде он-оннан гол соғылған. Атап өтсек, Месси мен Неймар Чемпиондар лигасында жеңіске жеткендер. Бразилиялық та финалдық матчта гол соқты.