Месси өткен жылғы халықаралық матчтардың үздік сұрмергені атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Пари Сен-Жермен» клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси өткен жылғы халықаралық матчтардың үздік сұрмергені атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Championat.com сайтында мәлім етілгендей, рейтингіде футболшының клуб пен ұлттық құрама сапында халықаралық турнирлерде соққан голы есептелді.
Лионель Месси 22 голмен көш бастаса, «ПСЖ» клубының тағы бір шабуылшысы, франциялық Килиан Мбаппе екінші орында. Ол Мессиден бір ғана голға қалып қойды. Аргентиналық Хулиан Альварес үздік үштікке ілікті.
1.Лионель Месси («ПСЖ», Аргентина) – 22 гол (4 клуб + 18 құрама сапында).
2.Килиан Мбаппе («ПСЖ», Франция) – 21 (9 + 12).
3.Хулиан Альварес (Манчестер Сити, Аргентина) – 15 (8 + 7).
4.Эрлинг Холанд («Боруссия» Дортмунд, «Манчестер Сити», Норвегия) – 14 (5+9).
5.Садио Мане («Ливерпуль», «Бавария», Сенегал) – 14 (6+8).
6.Роберт Левандовски («Бавария», «Барселона», Польша) – 13 (9+4).
7.Педро («Фламенго», Бразилия) – 13 (12+1).
8.Эльдор Шомуродов («Рома», Өзбекстан) – 12 (1 + 11).
9.Ришарлисон («Эвертон», «Тоттенхэм», Бразилия) – 12 (2 + 10).
10.Мохамед Салах («Ливерпуль», Египет) – 12 (8+4).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Криштиану Роналдудың ең көп жалақы алатын футболшы атанғанын жазған болатынбыз.