Месси «Селтик» футбол командасының «Астананы» жеңуін тіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси чемпиондар Лигасындағы «Астана» командасының «Селтикпен» жолдастық кездесуі алдында өз болжамдарымен бөлісті.
«Қазір «Селтик» үшін чемпиондар Лигасының іріктеу ойындары секілді маңыздырақ ойындар бар, бірақ бұл матч оларға дайындық үшін қажет болады. Біз «Селтикпен» ойнағанбыз, ол матчтарды ешқашан ұмытпаймын. Бұл тамаша жанкүйерлері бар тамаша клуб. Оларды биылғы топтық кезеңде көргім келеді - олардың орны сол жерде», - деді Месси.
Еске сала кетейік, Қазақстанның астанасында өткен «Астана» - «Селтик» бірінші матчы 1:1 есебімен тең аяқталды. Қарымта матч 3 тамыз күні Глазгода өтеді. Ойын астана уақытымен 00:45-те (бейсенбіге қараған түні) басталады, деп хабарлайды Sports.kz.