Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мессидің ағасы заңсыз қару сақтағаны үшін қоғамдық жұмысқа жегілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы оқ қаруын заңсыз сақтағаны үшін сот «Барселона» футболшысы Лионель Мессидің ағасын қоғамдық жұмыстарға міндеттеді, деп жазады ТАСС.

Мессидің ағасы заңсыз қару сақтағаны үшін қоғамдық жұмысқа жегілді

Сот шешімімен, Родриго Месси аптасына 4 сағат Росариодағы футбол мектебінде бапкерлік жұмыс атқарады. Және 34 жастағы аргентиналық есірткі мен алкогольден бойын аулақ ұстап, сегіз мың песо (130 теңге көлемінде) айыппұл төлейді және тұрғылықты мекенжайын өзгертпеуі тиіс.

Өткен жылдың қазан айында Родриго Месси Росариода ұсталды, оның көлігінен полиция алтыатар қаруын тапқан еді.

Маусым айында Лионель Месси мен оның әкесі Хорхе Орасиоға салықтан жалтарғаны үшін 21 айға абақтыға қамау туралы үкім кесілді. Сонымен бірге, сот Мессиге 2 млн. еуро көлемінде, ал әкесіне 1,5 млн. еуро көлемінде айыппұл төлеуді жүктеді. Испан заңдарына сәйкес, екі жылдан төмен кез келген жазаны шартты түрде өтеуге болады. Бұған дейін БАҚ айыпкерлердің сот шешіміне шағым түсіретінін хабарлаған еді.